Жалпы психология II белiм
QR kod:
Жас ерекшеліктері психологиясы психология ғылымының саласы. Онын зерттейтін пані адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Даму кезінде адамда сандық және сапалық өзгерістер туындайды. Жас ерекшеліктері психологиясы адамның жеке басының қалыптасуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді, адам жасының осуіне сәйкес психикалық даму ерекшеліктерін азаматтық қасиеттерінің кемелдену жағдайларын, озіндік ерекшеліктеріндегі психологиялық зандылықтарымен таныстырады. Оқулықта мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуы; бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуы мен жеке басының қалыптасуы; жеткіншектердің психикалық даму ерекшеліктері мен жеке бастарының калыптасуы; жасөспірімдердің психикалық дамулары мен психологиялық ерекшеліктері (бозбала психологиясы, бойжеткен психологиясы); ересектер мен егде жастағылардың психологиялық ерекшеліктері; қартайған жастағылардың (геронтопсихология) психологиялық ахуалдары туралы мәліметтер жазылган.